Солтүстік Қазақстан газеті

“Сын — садақ емес, баршамызға сабақ”

Печать PDF
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен “Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті” тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізді.

Жиынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Сәрсенбайұлы жүргізіп, сөз басында “Сын – садақ емес, барлығымызға сабақ” екендігін айтты

argaiv1900

Филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі кездесетін кемшіліктерді атап өтіп, оған бірнеше мысал келтірді. Маманның айтуынша, журналистердің көбі көшірме аудармаларға үйір болып алған. Сөйлемдерді орыс тілінің үлгісімен құрастыруға үйренген, жаргон, аргон, сленгтерді қолданудан еш арланбайтын күйге жеткен.

Семинар-тренингте ұлттық аударма бюросының үйлестірушісі, “Жас Алаш” газеті бас редакторының орынбасары Есей Жеңісұлы, “Республикалық радио” ЖШС-і бас директорының орынбасары – қазақ радиосының жетекшісі Серік Сейітман, “Til-audit.kz” сайтының редакторы Жасұлан Наурызалиев дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы мәселелері бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинар-тренингке еліміздің түкпір-түкпірінен тілшілер қатысып, оларға сертификат табысталды.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау