Солтүстік Қазақстан газеті

Мерекелік құттықтау

Печать PDF

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

argaiv1822

Сіздерді қасиетті мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн біздің халқымыздың рухани мұрасында маңызды орын алады, Қазақстандағы келісімді, бейбітшілікті сақтауда үлкен рөл атқарады.

Құрбан айт бағзы замандардан бері мейірімділік пен ізгіліктің бейнесі іспеттес, біздің қоғамда рухани тазару мен өзара құрметке ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың үлгісіне айналды.

Мұсылмандардың бұл мерекесі исламның ескірмейтін рухани құндылықтарының тереңдігін көрсетеді. Құрбан айт ізгілік, адалдық пен мейірімділік идеяларының орнығуына жол ашады.

Бұл – ой-сананы тазартып, ізгі мақсатты көздеген қалтқысыз әрекеттер жасаудың қолайлы уақыты.

Айт күндері қарттарға айрықша көңіл бөлу, мүгедектерге, жетімдер мен аз қамтылған адамдарға көмек көрсету, ағайын-туыстар мен жақындардың етене араласуы, өмірден өткендерге Құран бағыштау дәстүрге айналған.

Құрбан айт мұсылмандардың рухани өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Уақыт өте келе ол ақиқатында жалпыхалықтық мерекеге айналды және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуде.

Барлық солтүстікқазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт және тыныштық, отбасылық игілік тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау