Солтүстік Қазақстан газеті

Мерекелік құттықтау

Печать PDF

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

argaiv1929

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 22 жыл бұрын еліміздің Ата Заңы қазақстандық мемлекеттіліктің берік іргетасы болып қаланды.

Конституция – саяси тұрақтылықтың, қоғамдағы азаматтық бейбітшілік пен келісімнің негізі.

Еліміздің Негізгі Заңы әрбір қазақстандықтың өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауына мүмкіндік береді. Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары сындарлы саясат қалыптастырды және серпінді дамудың стратегиясын айқындады. Соның арқасында Қазақстан бүгіндері тұрақты және табысты дамып келе жатқан мемлекет, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі және бірлік пен келісімнің үлгісі болуда. Бұл жетістіктеріміздің берік іргетасы құқықтық жүйе болып табылады.

Уақыт әрқашан алға қарай жылжиды, бүгіндері біздің еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр. Мемлекетіміз жаңғырудың үшінші кезеңін жүзеге асыруда. Бұл еліміздің бәсекеге барынша қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін дамытуға мүмкіндік береді.

Конституция мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі болып табылады. Өйткені, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер көрініс табатын қабылданған заңдардың барлығы оған негізделеді.

Солтүстік Қазақстан облысы серпінді қарқынмен дамып келеді. Азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін жағдайлар жасалуда, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар бой көтеруде, жаңа кәсіпорындар ашылуда, жұмыс орындары құрылуда. Ең бастысы – қоғамдағы бірлік пен келісім нығаюда.

Барлық солтүстікқазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, игілік, бақыт және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлдене беру жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау