Солтүстік Қазақстан газеті

АЛҚАП ИГЕРІЛСЕ — ЫРЫС

Печать PDF

argaiv1208

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов кеше жұмыс сапарымен облыс орталығына жақын орналасқан Қызылжар ауданының Соколовка ауылында болды.

АСТЫҚТЫ АЙМАҚТЫҢ АСУЛАРЫ

Печать PDF

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс тынысымен танысты

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Қызылжар өңіріне сапары Петропавл халықаралық әуежайына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды. Үкімет басшысын әуежайда күтіп алған облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірде әуе қатынасын дамыту тұрғысында атқарылып жатқан оң істер жайлы айтып берді.

Петропавл халықаралық әуежайына 2015-2016 жылдары қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. Сағатына 200 жолаушы қабылдай алатын әуежай халықаралық талаптарға сай құрал-жабдықтармен жарақтандырылды.

Қолданыстағы ұшу-қону жолағының жамылғысы 10 сантиметрлік асфальт-бетонмен қапталса, жолақ 2800 метрге дейін ұзартылып, ені 45 метрге кеңейтілді. Сондай-ақ, жарық беру қондырғысы орнатылып, жаңа апаттық-құтқару стансасы салынды. Бұл жұмыстарға ел қазынасынан бөлінген 7 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қазіргі таңда әуежай шағын ұшақтардан бастап, алып әуе кемелерін де қабылдай алады.

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа әуежайды дамыту жоспары жайлы баяндады. Келер жылы Петропавлда өтетін шекаралас аймақтар форумына дейін халықаралық әуежайдың ұшақтарға арналған тұрағы кеңейтілмек. 680 млн. теңгеге оннан астам әуе кемесі еркін сиятын орын жасақталады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Премьер-Министр форумға дейін уақыт аз қалғандықтан, қаржылық шығындарды нақтылап, жұмысты жеделдету қажеттігін ескертті.

(Соңы 2-бетте).

Бұдан бөлек, әуежайдан Жезқазған-Петропавл трассасымен түйісетін тұсқа дейінгі 5 шақырым жол да күрделі жөнделіп, жарықтандырылмақ. Жол үшінші техникалық санатқа сай жөнделеді. Жобалық-сметалық құжаттары қыркүйек айында дайын болады, ал жолдың жөндеу жұмыстарына 900 млн.теңге жұмсалады.

“Петропавл халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамының директоры Марат Қасеновтың айтуынша, қазіргі таңда солтүстікқазақстандықтар үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларына ұшақпен қатынау мүмкіндігі жасалған. Болашақта басқа да бағыттар ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде Қазақстанның қалаларынан бөлек халықаралық бағыттар ашу да көзделген. Жалпы әуежай 2017 жылы 20 мың жолаушыға қызмет көрсетпек.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бастаған топ Петропавл халықаралық Қызылжар ауданына қарасты Новоникольск ауылындағы “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігіне барды.

Шаруашылық басшысы Геннадий Зенченко атқарылып жатқан жұмыс жайын баяндады. Шаруашылықтың егістігі 40819 гектарды құрайды. Дәнді дақылдар алқабы 10730 гектар болса, оның ішінде бидай – 6144 гектар. Майлы дақылдар – 3800 гектарға, жемазықтық дақылдар – 8114 гектарға, ал картоп 241 гектарға егілген. Серіктестік директорының айтуынша, өткен жылы дәнді дақылдардың гектар берекелігі 31 центнерден айналған. Биыл да бұл көрсеткіш кем болмайды деп күтілуде.

Мұнда егіншілікпен қатар асылтұқымды ірі қара өсіретін мал шаруашылығы кешені бар. Серіктестіктең қорасында 7637 қара мал болса, оның 2854-і – сауын сиырлар. 555 адамды жұмыспен қамтыған коммандиттік серіктестіктің сүт өнімдері тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Өткен жылы 16025 тонна сүт, 936 тонна ет өндірген. Астаналық мейман серіктестік жұмысына жоғары баға беріп, жұмысында сәттілік тіледі.

Содан кейін ауылдық Мәдениет үйінде өткен алқалы жиында еліміздің солтүстік аймақтарында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жайы әңгіме арқауына айналды. Бұл кеңеске Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары, облыс және аудан басшылары мен салаға жауапты ведомстволардың жетекшілері қатысты.

Агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасының жүзеге асырылу жайы талқыланған жиында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде Мемлекет басшысы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамытудың, әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілер сапына қосылудың келелі тапсырмаларын жүктегеніне тоқталды.

- Мемлекетік бағдарламаларда қарастырылған негізгі тетіктер ауыл шаруашылығын жаңғыртуды көздейді. Соңғы бес жылда мемлекеттік қолдау шаралары үш есе артып, демеуқаржылардың жаңа үлгісін енгізудің нәтижесінде сапалы тұқымдар мен тыңайтқыштарды қолдану мөлшері 1,5 есеге өсті. “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” акционерлік қоғамы экспорттық әлеуетті арттыру үшін сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілету бойынша оператор ретінде қайта құрылды. Мемлекет басшысының уағдаластықтарының арқасында Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және тағы басқа елдердің нарықтарына жол ашылуда, - деді Бақытжан Әбдірұлы.

Саладағы жаңашылдықтар мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындаудың жартыжылдық қорытындылары жайлы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов баяндады. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға, ал азық-түлік өнімдерінің өндірісі 7,5 пайызға өскен. Биыл демеуқаржылардың үш түрін тағайындау үдерістерін автоматтандыру көзделген. Келесі жылы жұмыс оның 15 түрі бойынша аяқталады.

Кеңесте Қызылжар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндады. Өңір басшысы облыста егін алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті диқандардың май, астық және бұршақ дақылдарын өсіру мен өңдеуге көңіл бөлуде екенін тілге тиек етті.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет делегациясы еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамында болды.

Мұнай-газ саласына қажет 300-ден астам түрлі құралдар, бұрғылау кешендері мен басқа да жабдықтарды шығаратын кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Бишімов қонақтарға өндіріс барысы жайлы әңгімелеп, шетелден әкелініп орнатылған көпсалалы қондырғылардың жұмысымен және зауытты технологиялық жаңғырту жобасымен таныстырды.

- Алдағы жылдары кәсіпорынға 4 млрд. теңгеге 44 заманауи, жоғары өнімді құрал-жабдық сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл өндірісті толық автоматтандыруға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтан зауытты толыққанды жаңғырту үшін кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Өйткені, жаңа құралдарсыз өнімділік артпайды,-деді Қуаныш Ердәулетұлы.

Еліміздің жетекші кәсіпорындарының бірінен саналатын бұл зауыт бүгінде мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жұмысшылардың біліктілігін арттырып, кәсіпорынды озық ойлы жас мамандармен толықтырып отыру да назардан тыс қалдырылмайды. “Мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде техникалық мамандық бойынша білім алып жүріп, осы зауытқа тәжірибе жинақтауға келдім. Өзімнің талап-жігерімнің арқасында осында жұмыс істеуге қалдым”,   – деді бөлімше жетекшісі қызметін атқарып жүрген жас маман Ерлан Ахметов.

Зауыт басшылығы 2021 жылға дейін өнім көлемін үш есеге көбейтуді көздеп отыр. Қазіргі таңда жылына 7 млрд. теңгенің өнімін өндіреді екен.


Осы күні Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен Заречный кентінде болып, табиғат апатының алдын алу, зардаптарын жою мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерді аралап, су тасқынының алдын алуда атқарып жатқан жұмыстармен танысып жүрген Премьер-Министр жергілікті жердегі жағдайға да қанықты.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тасқынның қаупін сейілту үшін бірқатар кешенді жұмыстар атқару керектігін атап өтті. Ол үшін республикалық бюджеттен 7 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінуі қажет. Бұл қаржыға Былғары зауытындағы бөгет жаңартылып, оның ұзындығын 700 метрден 2,5 километрге дейін ұзартылады. Петропавл қаласы маңындағы “Горкий көлі” және “Биотоған” су жинауыш тоғандарындағы бөгеттер күрделі жөндеуден өтпек. Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінде су өткізетін шлюз құрылысы, автомобиль жолдары мен су өткізетін нысандарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Егер бұл ауқымды істер жүзеге асса, Есіл өзенінің бойында тұрып жатқан екі мыңға жуық адамның, Қызылжар, Аққайың, Есіл ауданына қарасты тоғыз елді мекен тұрғындарының жаны жайланар еді.

Сонымен қатар, жергілікті билік “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қосымша төрт гидрологиялық бекетін құруды, Ақмола облысы аумағында Есіл өзеніне сыйымдылығы 1 млрд. текше метр болатын Бұзылық су қоймасын салуды, мамандандырылған жобалық ұйымның Есіл өзенінің арнасын кеңейту және тереңдету мүмкіндігін зерттеуді ұсынып отыр.

Кездесуге қатысқан Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин солтүстікқазақстандықтардың бұл ұсынысына қолдау танытты. Себебі, үстіміздегі жылы Сергеев су қоймасы арқылы 5 млрд. текше метр су өткені белгілі. Бұл ағын судан 380 үйдің зардап шеккенін ескерсек, жоғарыда айтылған жоспарлардың жүзеге асуы жыл сайын қызыл судан зардап шегетін солтүстікқазақстандықтар үшін аса маңызды.

Осы орайда Заречный кентінің тұрғындары төтенше жағдайға тап болғанда қол ұшын созып, жан-жақты қолдау көрсеткен Үкіметке, жергілікті билікке, ел тұрғындарына алғыстарын білдіре отыра, алдағы уақытта мұндай қиыншылықты болдырмау үшін барлық шараларды қолға алуды сұрады.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев айтылған ұсыныстар мен өтініштердің өз бақылауында болатындығын және тасқынға қатысты мәселелер жыл сайын туындамай, біржола шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қанат АТАМАНОВ,

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

ҚАРБАЛАС ШАҚ

Печать PDF
Жаз – облыс шаруалары үшін қауырт шақ. “Қыстың қамын жаз ойла” дегендей, бүгінде шөп дайындау науқанына жаппай кіріскен ауыл шаруашылығы құрылымдары ауа райының әр қолайлы сәтін тиімді пайдалануда.

ОТАННЫҢ СЕНІМДІ ҚАЛҚАНЫ

Печать PDF
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толды. Ел қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстайтын органның мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында кәсіптік мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Бұл салтанатқа өңіріміздің құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері шақырылды. Жиналғандарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ АЛАМАНЫ БАСТАЛДЫ

Печать PDF
Бұрнағы күні Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласында дәстүрлі “Ақ бидай – 2017” жазғы ауыл спорты ойындарының жалауы көтерілді. Спорттық шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН КӨРМЕ

Печать PDF
Ел жүрегі – елорда күнін облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен бір жарым мыңдай солтүстікқазақстандық Астанадағы “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінде қарсы алды. Теріскейлік делегация бас шаһарға елорда әкімдігінің шақыруы бойынша барған болатын.

Страница 7 из 242